» » Вакциналау паспортының қағаз нұсқасы берілмейді

Вакциналау паспортының қағаз нұсқасы берілмейді


 Қазіргі кезде қазақстандықтарға вакциналау паспортының қағаз нұсқасы берілмейді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, халық арасында вациналау паспортының қағаз нұсқасының Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттен ақшаға тапсырыс беріп алуға болатыны жөнінде ақпарат таралуда.

«Санитарлық-эпидемиологиялық комитет қағаз нұсқада фирмалық бланкіде ешқандай вакциналау паспортын бермейді. Ондай өзгерістер орын алса, біз міндетті түрде республика азаматтарын хабардар етеміз. Мұндай сауал қарастарылып та жатқан жоқ», – деп хабарлады Комитеттен.

Ведомство жалғыз қолданыстағы вакциналау паспортының электронды екенін ескертті. Сонымен қатар Комитетте қазақстандықтарды мұқият болуға шақырып, алаяқтарға алданбауды өтінді.
30 мамыр 2021 ж. 176 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30