БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРЫЛДЫ
Күні кеше ғана Жалағаш ауданындағы барлық мектептерде салтанатты түрде мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті.
Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте мектеп түлектеріне арналған салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге «Ақ жол» тіледі.
Салтанатты шара барысында мектеп мұғалімдері, ардагер ұстаздар, ата-аналар да жылы лебіздерін білдіріп, бітіруші түлектерге ақ баталарын арнады.
Аталмыш мектепте, биылғы жылы 23 түлекке жалпы орта мектепті бітіру аттестаты тапсырылса, 2 оқушы «Алтын белгі»иегері атанды.
Ағымдағы жылы Жалағаш ауданы бойынша 321 бітіруші түлек болса, оның 295-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген.