» » АУДАН ӘКІМІ А.ШАМЕНОВТЫҢ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ АТТЕСТАТ АЛУ РӘСІМІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ А.ШАМЕНОВТЫҢ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ АТТЕСТАТ АЛУ РӘСІМІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті түлектер, қадірлі ұстаздар және ата-аналар!
Бүгінгі күні қолдарыңа кәмелеттік аттестат алып, қияға қанат қаққалы отырсыңдар. Бұл әрбір ата-ана үшін де, ұстаздар үшін де үлкен қуаныш және жауапты кезең. Мектеп қабырғасынан алған сапалы білімдеріңіз бен саналы тәрбиелеріңізді ел игілігі үшін пайдаланыңыздар дегім келеді.

Тәуелсіздігіміздің болашағы – білімі мол, елдік ұстанымы берік талапты жастардың қолында. Сондықтан білімпаз ұрпақты, талапты түлектерді демеу үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз.

Жалпы өткен жылы біздің мектеп бітірген түлектеріміздің 100 пайызы оқу орындарына түсіп, білімін жалғастыруда.
Жалағаш ауданы бойынша биылғы оқу жылында 271 түлек мектеп бітіріп, 232 бітіруші (85,6%) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға тілек білдірген. Олардың қатарында 38 бітіруші «Алтын белгі», 15 бітіруші «Үздік аттестат» иеленді.

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген. Бұл ретте сіздерді білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыңыздың еңбегін ерекше атап өткен дұрыс.
Айқара ашылған сан тарау жолдың баспалдақтарымен жоғары өрлеп, биіктеуде қанаттарыңыз талмасын!
Сәт сапар, ақ жол, жас достар!

03 маусым 2020 ж. 566 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930