» » Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті

Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті



Жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша   14 маусым сағат 07.00-де Алатау ауданында Т.есімді полиция қызметкері «Хюндай элантра» маркалы қызметтік көлікті тізгіндеп, Махамбет Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Сол сәтте маневр жасай бастаған көлікпен соқтығыспау үшін, тәртіп сақшысы автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай өтіп, сол жерде жаяу жүргіншіні қаққан, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

«Сол жерде полиция қызметкері С.есімді азаматты қағып кетті, сондай-ақ, жанында тұрған «Газель» автокөлігін соқты. Оның ішінде жүргізушісі болмаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды.  Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345 бабы, 3 бөлімі бойынша тіркелді.  Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы жүргізуде.  Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», – деп жазылған қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 
14 маусым 2021 ж. 382 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 696

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930