МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Медицина саласының беделін арттыру, тиімді еңбек етуге қажетті барлық жағдайларды туғызу керектігін» баса айтқан болатын.
Бүгінде, ұлт саулығы — денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналып үлгерді.
«Бірінші байлық — денсаулық» демекші, күндіз-түні адам денсаулығының күзетінде тұрған дәрігер маманы барлық елде құрметті де қадірлі.
Жалағаш ауданында да денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып келеді. Емдеу мекемелерінің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа аурухананың бой көтеруі, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.
Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы аудан орталығындағы медицина саласының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының алғыс хаты мен гүл шоқтарын табыстап мерекелерімен құттықтады. Өз сөзінде Қаншагүл Шоңмұрынқызы - медицина қызметкерлерінің пандемияға қарсы күрестегі ауыр еңбегін атап өтіп, ризашылығымызды білдіремін. Осынау жер шарын жайлаған індетпен күресте дәрігер мамандығының маңызы артып, олардың жан жылуы мен аялы алақаны, жүрек мейірімділігімен адамға деген ілтипаты өмірдің өзегі болып қала беретіні даусыз. Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Осы себептен медицина саласын қолдау жұмысын белсене жүргізе беретін боламыз.