» » «Алтын белгі» иегерлерінің саны бойынша рекорд жаңарды

«Алтын белгі» иегерлерінің саны бойынша рекорд жаңарды

Қазақстанда «Алтын белгі» иегерлерінің саны рекордтық көрсеткішке жетті. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша он мыңға жуық түлек «Алтын белгі» иегері атанды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл мектеп бітірушілердің арасында 9 738 түлек «Алтын белгі» алды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2%-ін құрайды. Олардың басым бөлігі мұғалім мамандығын таңдап отыр.
Үздік түлек атанғандар саны бойынша Түркістан облысы бірінші орында тұр. Мұнда 1 856 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Содан кейін Алматы (1 432 түлек) және Шығыс Қазақстан (738 түлек) облыстары тұр.
«Алтын белгіге» үміткерлердің емтихан жұмыстарын мектептер емес, білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарады, деп толықтырды министрлік.
Айта кетейік, 2019 жылы 7 349 оқушы «Алтын белгі» алса, 2020 жылы 8 615  оқушы ерекше төсбелгі иесі атанды.

17 маусым 2021 ж. 156 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031