МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖӘНЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНЕН КӨРІНДІ
Бүгін Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күніне орай салтанатты шара өтті.
Шарада аудан әкімі Асылбек Шаменов ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік қызметшілерге және полиция бөлімінің қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Салтанатты шара мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлері күніне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кету керек, аудандағы мемлекеттік қызметшілердің 71 пайызын ер азаматтар құраса, 29 пайызы әйел азаматшалардың үлесінде.
Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінде жыл басынан орын алған қылмыстардың ізін суытпай кезекші тәулікте ашылуы 55,8 пайыздан 64 пайызға жақсарса, жалпы тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 69 дан 60-қа, яғни 9 қылмыстық құқық бұзушылыққа немесе 13 пайызға төмендеген.