» » Токио Олимпиадасы: ұлттық құраманың формасы таныстырылды

Токио Олимпиадасы: ұлттық құраманың формасы таныстырылды

 Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасына киіп баратын формасы таныстырылды, деп хабарлайды.
Спортшылардың киімін қазақстандық және шетелдік мамандар дайындаған. Дизайнері – Салтанат Баймұхамедова. Ал испандық Joma компаниясы форманы жасап шығарды.

Национальный олимпийский комитет Казахстана представил форму команды Казахстана на Играх в Токио-2020
Отандық спортшылар форманың дизайны, матаның сапасы мен тігін бұйымдарын өздері таңдады. Ол үшін қаңтар айынан бастап сауалнамалар, презентациялар мен кездесулер ұйымдастырылды. 35 спортшыдан тұратын арнайы комиссия форманы таңдап отырды.
«Спортшылар үшін, ең алдымен, сапа мен жайлылық маңызды. Өйткені бұл біздің жаттығу және жұмыс апталарына арналған киіміміз. Бәрінен бұрын оның денеге шақ, жинақы болуы маңызды. Көп уақыт жолда өткізетін болғандықтан, тез кірленбейтін, мыжылмайтын киім үлгісі керек болды. Себебі сапалы матадан тігілген киімдер киюге және еркін қозғалуға ыңғайлы. Біз барлық тілегіміздің орындалғанына өте қуаныштымыз», – дейді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.
Национальный олимпийский комитет Казахстана представил форму команды Казахстана на Играх в Токио-2020
Олимпиадалық киім кэжуал стилінде шығарылды. Ал маталарды таңдағанда Жапонияның климаттық ерекшелігі ескерілді.
Олимпиаданың киімдері ауаны жақсы өткізеді, ылғалды сіңіреді, тез кебеді және аллергия тудырмайды. Көйлек формасының негізгі түстері көк, көгілдір және ақ түсті. Бұл палитра Next Look халықаралық зерттеу компаниясының ұсынысы бойынша таңдалған.
Национальный олимпийский комитет Казахстана представил форму команды Казахстана на Играх в Токио-2020
Айта кетейік, спортшылар Токиоға 16 шілдеде ұшады. Олимпиада алдында ұлттық құрама Олимпиада базаларында екі апталық карантинде болады.
02 шілде 2021 ж. 230 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930