» » ЖАЛАҒАШТА АУДАНДАРДЫҢ ІШІНДЕ БІРІНШІ БОЛЫП "БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" ҚҰРЫЛДЫ

ЖАЛАҒАШТА АУДАНДАРДЫҢ ІШІНДЕ БІРІНШІ БОЛЫП "БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" ҚҰРЫЛДЫ


Жаңа нысанға аялдаған аймақ басшысы алдымен ауданның бірқатар кәсіпкерлерінің жобалары негізінде жасалған өнімдерді аралап, жоба авторларының алдағы жұмысына сәттілік тіледі. "Бизнеске арналған үкімет" алдағы уақытта кәсіпкерлік саласында серпін қалыптастыруға өз көмегін тигізері анық. Себебі мұнда іс бастауға талпынған жандарды қолдау мақсатында көрсетілетін қызметтің барлық түрі қамтылады деп күтілуде.

Нысанда "Атамекен" Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі және кәсіпкерлік саласына жауапты басқа да құрылымдар шоғырланған. Екінші деңгейлі банктерге филиалдарын отырғызуға ұсыныс жасалған. Ғимаратта тұрғындарға кәсіпкерлік мақсатта қызмет көрсететін орындар, семинар өткізуге арналған мәжіліс залы қарастырылған. Басты мақсат - кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру.

Бизнес супермаркеті бұрынғы теміржол вокзалының ғимаратында орналасқан.

Бизнеске арналған үкіметтің қызметі ауданда кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Мекен-жайы: Жалағаш кенті, Қазыбек би көшесі, 55. Барлық сұрақтар бойынша 87243179199, 87051776267 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

03 шілде 2021 ж. 806 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930