» » Вице-министр Hayat-Vax пен CoronaVac неге тапшы екенін түсіндірді

Вице-министр Hayat-Vax пен CoronaVac неге тапшы екенін түсіндірді


Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов вакциналау пунктерінде Hayat-Vax пен CoronaVac вакциналары неге тапшы екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, Қазақстанға Hayat-Vax пен CoronaVac вакциналары шектеулі көлемде жеткізілді.

«Елге әкелінген бүкіл партия екіге бөлінді: жартысы бірінші компонентке, қалғаны екінші компонентке арналды. Қазір Hayat-Vax бірінші компонентінің 13 мыңға жуық дозасы қалды. Қазақстан бойынша 486 мыңнан аса адам осы вакцинаны алды. Сол себепті екінші компоненттің дозалары медициналық мекемелердің қоймаларында сақталып тұр», – деді Шоранов брифингте.

Ол қазір біраз қалада осы вакциналар таусылғалы жатқанын айтты.

Сондай-ақ вице-министр Hayat-Vax пен CoronaVac елге тағы әкеліне ме деген сұраққа жауап берді.

«Біз вакциналарды бір мезгілдік келісімшартпен жеткіздік. Қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Оның шешімі зауыттың өндіріс қуаттылығына және басқа да келісімшарттарға байланысты болады. Біз мерзімін белгілеуге тырысамыз», – деді министрдің бірінші орынбасары.
09 шілде 2021 ж. 143 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930