Мұхтар Ниязов жем-шөптен қысылған шаруаларға қолғабыс етті
Өңіріміздің дарынды ұлы, айтыскер ақын, үш мәрте "Алтын домбыра" иесі атанған Мұхтар Ниязов жем-шөптен қысылған шаруаларға қол көмегін жасап, ол туралы әлеуметтік желіде пікірін қалдырды:
Бүгін Жалағаш ауданы әкімі Асылбек Өмірбекұлы бастама көтеріп, ерікті жастар ұйымдасып , Арал мен Қазалыдағы қуаңшылықтан қиналып жатқан ағайындарға сәл болса да сеп болсын деп қолға орақ алдық. Араға жиырма шақты жыл түсіп кетсе де, бұл жұмысты дұрыстап кіріссек өндіруге болатын сияқты. Екі-үш күнде мың баудың қарасы көрініп қалыпты.
Биыл енді " жұмыс жоқ, ақша жоқ" деген адамның әңгімесі мүлде қисынға соқпайды. Шөп деген ырғалып тұр, Арал мен Қазалының әкімдері қайырымдылықтан бөлек қанша шөп болса да сатып алуға әзір екенін айтып отыр екен. Бір бау шөп дәл қазірдің өзінде екі жүз теңгеден арзан емес көрінеді, бір жігіт жан қинамай күніне жүз бау ора алады. Енді не керек? Бригадир ағамыз қазір көп ешкімнің шөп ормайтынын, осынша малдың азығы қу қамысқа айналып, амал жоқ өртейтінін айтып отыр. Қолы қимылдағанның ауызы қимылдайды. Асылбек Өмірбекұлы да білекті түріп жіберіп, біраз шөпті жайратып салды. Тіпті Қаншагүл апай да кірісіп кетті. Даладағы қостан дәм ауыз тиіп, еңбек даласынан бір ләззат алып қайттық. Бұл жәй науқан емес, бұйырса жалғасын таба беретін жақсы бастама сияқты. "Бес саусақтың біреуінен тістесең бәрі ауырады" дегендей, елдің бір шетіне келген қиындыққа тұтас ел болып иық тосса, жүк жеңілдеп сала береді. Басқа аудандар да қарап қалып жатқан жоқ, бірақ маған Жалағаштың қарқыны ұнады. Ел аман, жұрт тыныш болып, мал-жанымыздан бәле-жала аулақ болғай!