» » Жалағашта жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Жалағашта жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Жалағаш ауданының ауылдарындағы электр желілеріне жоспарлы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аламесек ауылы тұрғындарының өтініш-тілектеріне сәйкес елді мекенінде аудандық электр тарату торабының жөндеу бригадасы әуе желілері мен трансформатор қондырғыларына жоспарлы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдағы Өмірбай шешен көшесі бойына алдағы уақытта абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында жарық шамдарының орыны ауыстырылып, көше кеңейтілді. Жолға жақын орналасқан электр бағаналары бір жүйеге келтірілді.

Ауқымды жұмыстарға ауылдағы «Нағи», «Рақымбек» шаруа қожалықтары өз үлестерін қосты. Елді мекенді абаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.Айта кету керек, ауылдық елді мекендердің электр жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның жарғылық қорын ұлғайтуға облыстық бюджеттен 2019-2021 жылдары аралығында барлығы 373 млн. теңге бөлінді. Биыл Бұқарбай батыр елді мекенінің электр жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 138 млн. теңгеге Жалағаш кентіндегі Абай, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Желтоқсан көшелерін жарықтандыру жұмыстары жасалатын болады.

04 тамыз 2021 ж. 368 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30