» » СТУДЕНТТІК ЖАТАХАНАҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

СТУДЕНТТІК ЖАТАХАНАҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, «Jas Otan» ЖҚ, аудандық партиялық бақылау комиссиясымен бірлескен мониторингтік топ Жалағаш индустриальды аграрлық колледжінің жатаханасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Ауданы 253,2 кв/м құрайтын 1968 жылы салын бұрынғы «әуез мектебі» қазіргі студенттік жахана.

Аталмыш жатахана құны 17,9 млн тг ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 2017 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілген. Жатахана 1 қабат (1 этаж), оқу ғимаратынан бөлек орналасқан. Жатаханада арнайы студенттерге ауысыммен 2 тәрбиеші және жатахана меңгерушісі жұмыс жасайды, білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында аудандық полиция бөлімінен арнайы қызметкер бөлінген, жатахана іші және сыртына камера қондырылған, санитарлық тазалық жағдайына 2 еден жуушы және 1 киім жуушы жауапты.

Жатахана 50 студентке арналған, санитарлық талаптарға сәйкес 25 студент орналастыратын болады. Қазіргі таңда студенттер тиісті құжаттарын дайындау үстінде. Өрт қауіпсіздігін алдын – алу мақсатында өрт дабылы қондырғысы және арнайы жуыну бөлмесі қарастырылған. Жатахана ішінде антисептиктер орнатылған. Білім алушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатын жатахана жанында «Наркескен» спорт клубы орналасқан білім алушылар сол жерде бос уақытын өткізе алады. Мониторинг жұмыстары барысында студенттердің жаңа оқу жылына дайын екенін анықталды.

 
02 қыркүйек 2021 ж. 135 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 055

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30