Мониторинг жұмыстары жүргізілді

«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ тапсырысы бойынша салынып жатқан 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі құрылысына мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен мемлекеттік сатып алу конкурсы негізде «Самат Мұнай» ЖШС-нің мекемесі аталған құрылыс нысанына жұмыстар жүргізіп жатыр. Жобаның жалпы құны – 431 499 мың тг құрайды.
Ғимараттың жалпы ауданы 2886,62 м^2 құрайды, оқушылар үйінің 1 қабаты 8 кабинет, 2 қабаты 9 кабинеттен, ал өнер мектебінің 1 қабатында 6 кабинет, 2 қабаты 9 кабинеттен тұрады. Құрылыс жұмыстарының басында 15-ке тарта жұмысшы бар. Жергілікті аудан орталығынанда бірнеше жұмысшы жұмыс жасауда. Аталған мердігер компания өкілдері еден (паркет) төсеу жұмыстары барысында қосымша жұмысшылар алынатындығын жеткізді.
Партиялық бақылау жұмыстары барысында мүмкіндігі шектеуі жандарға арналған пандустың ережесіне сәйкессіздігі анықталып, стандарттық талапқа келтіріп жұмыс жасауға ұсыныс берілді.
Аталмыш ғимарат алдағы уақытта партия филиалының назарында болатын болады.