» » Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Жалағаш аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері бірлесіп Жалағаш кентінде орналасқан білім беру ұйымдарының №19 санаторлық бөбекжай, Күншуақ бөбекжайы, Арай бөбекжайы, Жауқазын бөбекжай-бақшасы, Жалағаш аудандық ауруханасының жылу беру бу қазандықтарына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Аталған мониторинг жұмыстарының мақсаты - бу қазандығы аумағында қауіпсіздік ережесінің сақталуы, санитарлық талаптың болуы және ғимараттың ауа температурасының стандарттық талапта болуымен резервтегі жаңар-жағар-май, қатты отынның болуын бақылау .

Аталмыш мониторинг жұмыстарына аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы А.Кенжебаев, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қ.Асқарова, комиссия мүшесі Б.Жүргенбаев аудандық партия филиалының консультанты А.Ахметжамиевтер қатысты. Зерделеу жұмыстары барысында мекеме-ұжым басшыларымен жауапты тұлғаларына ұсыныстар беріліп, ескертулер жасалды.
29 қазан 2021 ж. 248 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 027

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30