Қызылордада Мәуліт кеші өтті
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Н.Бекежанов атындағы драма театрда «САҒЫНДЫҚ СЕНІ, ИӘ РАСУЛАЛЛА» атты рухани кеш өтті.
Есімі күллі әлем мұсылмандары үшін ерекше құрметті Мұхаммед пайғамбар дүние есігін ашқан ай- жыл құсындай айналып, сағындырып, Сыр халқына да жетті.
Мерейлі кеш шымылдығы Алланың кәләмі Құран аяттарын оқумен ашылып, қазақ тілінде «Мәуліт» жыры оқылды.
ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы арнайы сапармен келіп, халықты мәуліт мерекесімен құттықтап, ардақты пайғамбар жайлы салихалы насихат айтып сағынышын білдірді.
Шараға елімізге тағылымды қойылымдарымен танымал «Өнер қырандары» театры арнайы шақырылды. Кеште салауаттар, мағыналы жырлар, діни әндер айтылып, мәнді көріністер көрсетіліп, монолог оқылды.
Кешті тамашалауға келген халыққа тағылымды кітаптар сыйға тартылды.
Шара соңында Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиналған барша халыққа және осы кештің жоғары деңгейде өткізілуіне демеушілік көмек көрсеткен «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілдігіне, атсалысқан барша жандарға риясыз ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, «Өнер қырандары» театрына алғыс білдіріп, Мадияр Серікбаевқа қазақы салтпен шапан жапты.
Хас өнерлі тұлғалар Алла Расуліне деген сағынышты өнердің тылсым тілімен жеткізді. Жиылған халық сағыныштан толқып, көздеріне еріксіз жас алды. Рухани кештің әсерлігі сол, адамзаттың ардақтысын сағынған жүректің бұл кеште жыламауы- мүмкін емес еді…
Алласын ұлықтап, пайғамбарын патшасындай құрмет қылған қазақ халқы осы бір игі ізден жаңылмай, сағынышпен салауат жолдаған Сыр халқы – көңілден кетпес ғибратты кештің куәгері болды.

Көрермендер тарапы: Жыл сайын Мәуліт мерекесін ерекше күтемін. Отбасымызбен сіздер ұйымдастырған шараға біріншілердің қатарында келеміз. Бұл кеште жүрегім қатты толқиды, адамзаттың ұлы ұстазы Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарыма деген сағынышым одан әрі толықсып, жанарыма еріксіз жас ала отырып, салауатты сағынышпен жолдаймын. Рухани кештен, мол мағына, ерекше әсер алдым»- деп толқынысын жеткізді.