Қаржыгерлер құрмет төрінде
Кеше аудан әкімдігінде қаржыгерлер бас қосты. олардың кәсіби мерекесі мен ұлттық валюта күні қарсаңында сала қызметкерлерін қабылдаған аудан әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратов қаржыгерлердің қажырлы еңбегіне тоқталып, аймақтағы экономика және қаржы саласының қызметкерлерін «ҚР Ұлттық валютасы – теңге күнімен» тұспа-тұс келетін кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Мемлекеттік маңызды істердің алға басуына қаржыгерлердің қосатын үлесі зор. Тәуелсіздік алғалы бері бұл саланың да айтарлықтай дамығанын білеміз. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының өз валютасы, теңге айналымға енді. Бұл экономикасы құлдырап, өндірістер жабылудың аз-ақ алдында тұрған мемлекетіміздің егемендік алғаннан бергі алғашқы жасаған дамудың баспалдағы болды. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз көптеген сыннан сүрінбей өтті, жас ел ретінде өзінің шекарасын бекітіп, саяси қадамдарын жасай бастады. Төл теңгеміз тәуелсіздіктің айшықты символдарының біріне айналды. Халықтың көңіліне сенім ұялатып, болашаққа нық қадам басуына жол ашты.
Тәуелсіздік алғаннан бергі отыз жыл ішінде елімізде заманауи экономика қалыптасты. Қазақстан әлемдік қауымдастықта маңызды әріптеске айналды, соның арқасында елімізге аса үлкен көлемде инвестициялар тартылды. Жалағаш ауданында экономикалық өсімді қамтамасыз етуде және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасты. Даму көрсеткіштері де біршама артты.
Ұлттық валютамыз айналымға енгеннен бастап Сыр өңірінде де қалыптасып, өсіп-өркендеді. Ел экономикасының дамуына аянбай күш-жігерін жұмсап, жауапкершілік жүгін арқалап, адалдықпен еңбек еткен қаржы саласының ардагерлері мен сала мамандарына алғысымды білдіремін, – деді ол.
Мұнан кейін П.Шамұратов ұлттық валюта күніне орай сала қызметкерлеріне облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар салтанатты жиында аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Ердәулетқызы және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы аудан қаржыгерлерін мерекелерімен құттықтап, елеулі еңбектеріне шолу жасады.
Жалпы тәуелсіздік жемісінің бірі осы ұлттық валютамыздың айналымға енгені болса, бүгінде осы саланың бір ізге түсіп, жүйелі жұмыстың нәтижесінде ел экономикасының жоғарылауына септігін тигізді. Тәуелсіз мемлекет экономикасының темірқазығы төл валютасы екені түсінікті. Тағдырлы кезеңде қабылданған шешімнің мән-маңызын тереңірек түсіну қиын емес. Әсіресе ұлттық валютаны айналымға енгізу Ел Тәуелсіздігінің қалыптасуына, дербес қаржы-несиелік саясат жүргізуге, нарықтық қатынастарға бетбұрыс жасап, әлеуметтік-экономикалық дамуға зор үлесін қосты. Сондай-ақ аудандық бюджеттің салықтық түсімдері де жылдан-жылға ұлғайып келеді. Салықтық түсімдер көлемінің ұлғайғаны аудандық бюджет кірісінің көлемінің өсуіне ықпал жасауда. Ал өңір тайқазанының молаюы дамуға бағытталатын игі істер мен ауқымды жобалардың қолға алынуына және әлеуметтің әлеуетінің көтерілуіне де оң ықпалын тигізеді.
Нұр НАУАН