» » Жалағашта 15 жасар қыз жоғалып кетті

Жалағашта 15 жасар қыз жоғалып кетті

Қараша айының 14-нен 15-не қараған түні, шамамен сағат 03:00 шамасында 15 жастағы жасөспірім Сансызбай Зухра Бауыржанқызы белгісіз бағытқа қарай кетіп қайта оралмаған.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы еріктілермен бірлесе отырып, кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеп табу мақсатында Қызылорда қаласы және аудан көлемі бойынша көпқабатты үйлердің шатырларын, саяжайларды, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде.

Оның фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ерекше белгілері: бойы 1,50-1,60 см. толық денелі, ақ құбаша, шашы қара ұзын, көзі сұр түсті.

Киген киімдері: Ұзын қызыл түсті пальто, қара түсті кросовка. Жасөспірім қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Жалағаш ауданының полиция бөлімінің кезекші бөлімшесі 8-724-31-21-1-50 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.


16 қараша 2021 ж. 696 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031