» » Қызылордадан Ресейге әуе рейсі ашылады

Қызылордадан Ресейге әуе рейсі ашылады


Енді қызылордалықтар әуе рейсі арқылы Ресейге сапарға шыға алады. Өңірдегі ескі аэропортты заманауи стандартпен жаңғырту көзделген.

Бүгінгі таңда әуежайдың жолаушылар терминалын қайта құру мен кеңейтуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында бюджеттен тыс нұсқалар да қаралған. Яғни, белгілі меценат Болат Өтемұратов Қоры өз қаражаты есебінен ішкі және халықаралық авиарейстерді одан әрі ұлғайту перспективасымен, тұтастай алғанда әуежайды барлық халықаралық стандарттарға сәйкестендіру туралы Өтемұратов қорымен уағдаластыққа қол жеткізіліп, меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен әуежайды «Ашық аспан» режиміне қосу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап «NordwindAirlines» Авиакомпаниясы тарапынан «Санкт-Петербург – Қызылорда – Санкт-Петербург» бағыты бойынша аптасына 1 рейс ашады деп жоспарлануда.
22 қараша 2021 ж. 183 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930