Кенттегі тұрғын үйлердің 48 пайызы табиғи газ желісіне қосылды
Биылғы жылы ауданда жүзеге асқан үлкен әлеуметтік жобалардың бірі – халықтың көптен күткен Жалағаш кентінің газдандыру жұмыстары толық аяқталып, кент тұрғындары көгілдір отынды пайдалана бастады. Жобаның жалпы құны 3 млрд. 691 млн. теңгені құраған.
Бүгінгі күнге Жалағаш кентіндегі тұрғын үйлердің (3155 отбасы) 48 пайызы (1500 тұрғын үй) газ желісіне қосылды. Жеке секторды орталықтандырылған газ желісіне қосуға арнайы рұқсаты бар 12 жеке кәсіпкер өз қызметтерін ұсынуда.
Әлеуметтік нысандардан №202 орта мектептің және орталық аурухананың жылу жүйесі орталықтандырылған газ желісіне қосылды. Алдағы уақытта аудандағы әлеуметтік нысандар кезең-кезеңмен газ желісіне қосылатын болады.
Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз ету қолға алынады. Биылғы жылы Ақсу елді мекенін газ желісіне қосуға жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 9,2 млн. теңге қаржы бөлінді.