Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жолдады
Ресей Президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауындағы жеңісінің 30 жылдығымен құттықтап, жеделхат жолдады. Жеделхат мәтіні Кремль сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші жалпыхалықтық сайлауындағы жеңісіңіздің 30 жылдығына – атаулы датаға орай шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің мемлекет басшысы болған жылдарыңыз қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттік қалыптасу кезеңіне айналды.
Сіздің басшылығыңызбен республика экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа да салаларда тамаша жетістіктерге қол жеткізді. Әлемдік аренада жоғары беделге ие болды. Сіздің ресейлік-қазақстандық стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасты қалыптастыруға әрі дамытуға, сонымен қатар посткеңестік кеңістіктегі өзара тиімді интеграциялық процесстерді, ЕуразЭС, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және өзге де көпжақты құрылымдар аясындағы сындарлы ынтымақтастықты жолға қоюға қосқан жеке үлесіңізді бағалау өте қиын.
Сіздің бойыңыздағы мемлекет қайраткерінің мол тәжірибесі, жан-жақты білім, саяси даналық пен көрегенділік Қазақстанға да, халықаралық істерде алдағы уақыттада қажет бола беретіндігіне күмән келтірмеймін. Біздің адал қарым-қатынасымызды шынайы бағалаймын және Сізден достық байланысымыздың жалғасатындығына сенемін.
Сізде зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бағыт, жан сергектігі ме табыстар тілеймін! Құрметпен, Владимир Путин», делінген жеделхатта.