Кенеден сақтаныңыздар!
Ерте көктемде және жаз айының басында кенелер көптеп кездеседі.Біздің аймақта кездесетіндері иксод кенесі мен аргас кенелері.Кене адамға көптеген індеттер таратады.Біздің облысымызда кене өте қауіпті жұқпалы ауру—Қырым геморрагиялық безгегінің қоздырғышын тасымалдаушы ретінде кездеседі.Кенелер бұл вирусты тек қана өз организімінде сақтап қана қоймай оның табиғатта тарауына әкеп соқтырады.Кенелер үй жануарының,жабайы аңдардың және құстардың қанын сорып қоректенеді.Организімінде ауру қоздырғышы бар кене қан сорған жануарына вирусты жұқтырады.Бұл індеттің адамдар арасында кездесуі кенелердің және олар қанын соратын жануарлардың болуына байланысты.Ауа температурасы жоғарылап,күн сәулесінің күші де көбейген сайын қыстан шыққан зиянкестерге өте қолайлы жағдай туады.Қыстан ашығып шыққан кенелер де қан соруға асығады.Олар бұл кезде мал мен құсқа,жабайы аңдарға жабысады.Әдетте,далалық жерге әртүрлі мақсатпен барушылар немесе жануарлармен қатынасы бар адамдар осы дертке душар болуы ықтимал.Кене адамға қадалып,қан сорған уақытта ауру қоздырғышы оның сілекей бездері арқылы адам организіміне тарайды.Қырым геморрагиялық безгек ауруы өте қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жатады. Ауруға шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп,әлсіздік болады.көңілдің қошы болмайды.Алғашқы күндері ауыздан,мұрыннан қан кету басталады. Егер бұл қан дені сау адамның денесіне жұқса,сол адамның да осы ауруға шалдығуы мүмкін.Бұнымен ауырған адамның отбасы мүшелері,медицина қызметкерлері, және т.б. көмек көрсеткен адамдардың науқастанғаны туралы жағдайлар бәрімізге белгілі.
Кене шаққан жағдайда не істеу керек ?
Біріншіден,асып-саспау керек,кенені тез арада жұлып тастауға әрекет жасамаңыз.Егер кене қадалып қалса пинцетпен немесе жіңішке іс тігетін жіппен тұмсығын орап алып,жайлап ырғау арқылы кенені денеден аламыз.Жабысқан кенені мұқият алу керек.Себебі оның аяғының тікенектері,тұмсығы адамның денесінде қалып қойса жара пайда болады.Сондықтан бұл тікенектерді міндетті түрде тікен алғандай алып тастап,орнына йод немесе спирт жағу керек.Кенені қолмен ұстап өлтіруге болмайды,өйткені оның вирусы қолға жабысып, денеге өтіп кетуі мүмкін.Көп адамдар Қырым қанды безгегінің жұқпалы екендігін және онымен ауырған адамды қалай күту керектігін біле бермейді.
Сондықтан да,медицина қызметкерлері,әсіресе санитарлық ағарту білімін таратушы мекемелер осы індет туралы мағлұматтарды халыққа кеңінен түсіндіруге мән бергендері дұрыс.Міне,осы айтылғандардың бәрі ұқыпты өткізіліп отырса,аурудың болмауына , ал бола қалған жағдайда оның таралуына жол бермеуге мүмкіндік жасалады.Сондықтан да баршаға,сақ болғаның –сақтанғаның дегіміз келеді.

Қ.Мырзағали
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО » ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының
Жалағаш аудандық бөлімшесінің энтомолог көмекшісі