» » АЭС аймағында жер сілкінісі болуы мүмкін бе: Министр жауап берді

АЭС аймағында жер сілкінісі болуы мүмкін бе: Министр жауап берді

АЭС салынатын жерді таңдау кезінде құтқарушылардың ұсынысы ескерілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Министр Ильиннің айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы да АЭС салынатын аймақ ретінде қарастырылып отыр. Әзірше, нақты шешім қабылданған жоқ.

"Біздің министрлік те алаңды таңдау жұмысына қатысып жатыр. Нақты шешім шығарылғаннан кейін сол алаң бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Сол кезде төтенше жағдайлар министрлігінің құзіретіне кіретін мәселелер де ескеріледі", - деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, АЭС құрылысы үшін қаралып жатқан жерлерде адамдар тұрмайды. Бірақ жанында елді мекендер орналасқан.

"Осы алаңдар жоғары сейсмикалық белсенділігі бар аймақтарға кірмейді. Сондықтан жер сілкіну қаупі жоқ. Сол сияқты сел жүру немесе таудың опырылуы сияқты қауіп-қатерлер де жоқ. Осы жерлерді таңдағанда төтенше жағдайлар министрлігінің ұсыныстары ескерілген болатын", - деп атап көрсетті Ильин.

Бұған дейін  "Самрұқ-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев елімізде атом электр станциясын салатын орын белгіленгенін, станция Балқаш көлінің жағасында орналасқан Үлкен ауылында салынбақшы екенін мәлімдеген. 
23 желтоқсан 2021 ж. 159 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 992

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031