» » Гүлшара Әбдіқалықова: Тұрмыс-тіршілігіміз қайта қалпына келіп жатыр

Гүлшара Әбдіқалықова: Тұрмыс-тіршілігіміз қайта қалпына келіп жатыр

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақта ахуал тұрақты екенін және қалада 9 ғимаратқа жөндеу жұмыстары басталғанын айтты. Бұл туралы облыс әкімі «Facebook» парақшасында жазды.

«Қадірлі сырбойылықтар! Сіздер қазір облыста қандай жұмыстар атқарылып жатқанынан бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы хабардар болып отырсыздар деп ойлаймын. Бүгінгі таңда аймақта ахуал тұрақталды. Тұрмыс-тіршілігіміз қайта қалпына келіп жатыр. Кешеден бастап Қызылорда қаласында зардап шеккен 9 ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жөндеу жасалатындарды жақын уақытта, ал, күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттарды ақпан айының 20-сына дейін бітіруге тапсырма бердім. Ең жұмысы күрделі облыстық сот ғимаратын жөндеуге 80 жұмысшы тартылды. Әрі қарай да жұмысшылар саны арта береді. Коммуналдық қызметтер үздіксіз, тоқтатпай жұмыс істеуін бақылап отырмын. Сыр елін ауызбіршілікпен бірге өркендете берейік!», – деп жазды аймақ басшысы.




15 қаңтар 2022 ж. 240 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30