Есің болса есірткіден аулақ бол!

Осындай тәрбиесіздіктен туатын қоғам дерті – нашақорлық. Қоғамнан көріп отырғандарыңыздай, есірткінің дәмін көріп, күйдің бір сәттік алдамшы "рахатын" сезінгеннен кейін оны іздеп тұру әдетке айналады. Тіпті тәуелді боласың. Таңертең ұйқыдан тұрғанда миың, ой-санаң саған есірткіден басқаны ойлауға мүмкіндік бермейді. Адам өзін ұмытып, жоғалта бастайды. Ал, мұның соңы жақсылыққа апармайды.
Мектебімізде түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады. Мен таңдаған спорт түрі – баскетбол. Өмірімді спортпен байланыстырып, өз денсаулығымды қолға алдым. Спорт менің басты қуат-жігерім!
Досым, ізбасарым! Саған айтарым: миыңды есірткімен уламай, спортпен шұғылдан! Жетістікке жет! Сенің жетістігің ата-ананның, ұстазынның саған артқан үміті. Артынан ерген іні-қарындасың саған қарап бой түзейді. Есірткінің улы дәмін татпай, өміріңді спортқа арнап, жеңістің тәтті дәмін сезінуге үндеу жолдаймын!
Кел, досым, спортпен шұғылданайық!
Бүркітбай Абай,
№116 орта мектептің
10 сынып оқушысы