» » Терроризмге қарсы операция: Ұрланған 515 қару табылып, тәркіленді

Терроризмге қарсы операция: Ұрланған 515 қару табылып, тәркіленді



Терроризмге қарсы операцияны жүргізу барысында ұрланған қарудың 515 бірлігі табылып, тәркіленді. Оның ішінде 75-автоматтар, 133-пистолеттер, 2-пулемет; 47-ойық, 103-тегіс ұңғылы қарулар, 100–ден астам гранаталар, 9 мың данадан астам оқ-дәрі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осындай мәліметтерді келтіріп өтті.

«Қаруды ұрлағаны үшін 98 адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды және олардың заңсыз сақтағаны үшін 61 адам ұсталды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, азаматтардың назарын ұрланған қару халықтың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретініне аударғым келеді, өйткені ол енді кез-келген заңсыз әрекеттерге қолданыла алады. Барлық адамдардың қаруды ұрлауға қатысы болмауы мүмкін екендігін екенін ескере отырып, тауып алған азаматтарды ерікті түрде тапсыруға тағы да шақырамыз. Бүгінгі таңда 31 қару ерікті түрде тапсырылғанын атап өткім келеді», – деді ІІМ өкілі.
26 қаңтар 2022 ж. 158 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930