» » Жалағаш ауданында «TAN–FOOD» ет өңдеу цехы іске қосылды

Жалағаш ауданында «TAN–FOOD» ет өңдеу цехы іске қосылды

Жалағаш ауданы, Таң ауылында өткен жылы «Агро Лидер Таң» ЖШС бастамасымен «TANFOOD» ет өңдеу цехы іске қосылды. Жоба құны 144 млн теңгені құрады, оның 87 млн теңгесі серіктестіктің жеке қаражаты есебінен, ал 57 млн теңгесі «Байқоныр ӘКК» АҚ арқылы қаржыландырылды. Бүгінде ет өңдеу цехы 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Цех директоры Сәкен Шағыртаев, өндірістік цех басшысы Динара Қалмұратова.

«TAN-FOOD» ет өңдеу цехы тәулігіне  үш бас ірі қара етін өңдеп, одан 15 түрлі тағам әзірлеп, аудандағы және облыс орталығындағы бірқатар сауда орындарын қамтамасыз етіп отыр.

Айта кетейік, «Бір асым етке»  лайықталған, салмағы 3 келі (баспақ еті, жылқы қазысы, қой құйрығы) өнімнің бағасы 7 мың теңге болса, сыйлы қонаққа ұсынатын «Сыбағаның» бағасы – 8 мың теңге. Бұл – бір табаққа шақталып, жылқы етінен жасақталған даяр өнім. Сол күйі қазанға сала бересіз. Сыйлы қонақ келсе, сыбағасы дайын. Сонымен қатар, цехта өндірілген жылқы еті 2200 теңге, сиыр еті  2000 теңгеден сатылады. Оған қоса, өкпе-бауыр, фарш, манты, әсіп, тұшпара,  котлет, тефтели сияқты өнім түрлері де қолайлы бағада сатылып,  тұрғындар сұранысын қанағаттандырып отыр.

Ауылдық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Жалғас Өмірбаев былай дейді:
– Бұрын ет алу үшін ауданға баруға тура келетін. Ал, қазір жақсы болды, «TAN-FOOD» цехы ауыл тұрғындарын ет өнімдерімен толық қамтамасыз етіп отыр. Бәрі көз алдымызда, цехта еңбек ететін осы ауылдың азаматтары. Сондықтан өнімнің сапасына талас жоқ, қазіргіше айтқанда халал өнім. Президент ауыл шауашылығына ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Үкіметке алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігін түбегейлі шешуге тапсырма берді. Сондықтан ауылымызда қолға алынған осындай игі бастамалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға лайықты  үлесін қосып отырғанын айта кеткеніміз жөн, – деді ардагер.



Таң ауылының әкімі Қайрат Сейдахметовтың айтуынша, «TAN-FOOD» ет өңдеу цехы, сондай-ақ, «Нұр» шаруа қожалығының күріш ақтау  цехы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуден бөлек, тұрақты жұмыспен де қамтып отыр.  Алдағы көктемнен бастап жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда бар. Атап айтқанда, қоян, балық өсіру және омарта кәсібін қолға алуға байланысты жобалардың бизнес-жоспарлары тиісті комиссия қарауына ұсынылды. Аталған жобалар қолдау тауып жатса, ауыл тірлігінің ілгері басуына өзіндік септігін тигізері анық.

Ғазиза Әбілда,
«Сыр бойы»
31 қаңтар 2022 ж. 346 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930