» » Депутат аз қамтылған отбасылардағы әр балаға берілетін атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін арттыруды ұсынды

Депутат аз қамтылған отбасылардағы әр балаға берілетін атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін арттыруды ұсынды


Мәжіліс депутаты Динара Закиева аз қамтылған отбасылардағы әр балаға берілетін атаулы көмек мөлшерін төменгі күнкөріс шегіне дейін көтеруді ұсынды. Оның сөзінше, бұл үшін қосымша 225 млрд теңге қажет. Қазір ең төменгі күнкөріс шегі 36 мың теңгеге тең, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәжілісмен қазір құзырлы органдардың «Балалар жылына» арналған жоспарды дайындап жатқанын мәлімдеді. Осы орайда ол бірнеше ұсынысын білдірді.

«Бірінші, аз қамтылған отбасылардағы балаларды қолдау мақсатында әр балаға берілетін атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ең төменгі күнкөріс шегіне дейін көтеру. Қазір төменгі күнкөріс шегі 36 мың теңгеге тең. Бұл үшін қосымша 225 миллиард теңге қажет», – деді Динара Закиева.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтау кезінде 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған еді.
02 ақпан 2022 ж. 346 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930