» » Қанша теңге бөлінетіні әлі белгісіз: Министрлік жеңілдетілген автонесие туралы түсіндірді

Қанша теңге бөлінетіні әлі белгісіз: Министрлік жеңілдетілген автонесие туралы түсіндірді

В Казахстане увеличивается производство легковых машин | Информационное  агентство «ТоболИнфо»‎ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы жеңілдік автонесиелеу бағдарламасы туралы бұрмаланып тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан бұл туралы Facebook парақшасында жазды.

Айтуынша, жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу барысы туралы айтылған ақпарат БАҚ-та сәл бұрмаланып кеткен.

«ҚР ИИДМ Автомобиль жасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов «Хабар» телеарнасына сұхбат беріп, жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламаларының жобалары туралы әңгімелеп берді. Осы сұхбат негізінде kolesa.kz порталы «Жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы. Алғашқы мәліметтер» деген тақырыппен материал жариялап, кейін ол өзге де ақпарат құралдарында таратылды. Бұл ретте бастапқы ақпарат сәл бұрмаланған», – деп жазды Ж.Омархан.

Министрлік өкілінің сөзіне қарағанда, Р.Хисамутдинов айтқан «ұсынылады», «әзірленеді» және «пысықталады» деген сөздердің орнына автор «болады», «ерекшеленеді» сияқты сөздерді қолданған.

Салдарынан ақпаратты тұтынушылар автонесиелеудің жаңа бағдарламасы жасалып, жақын арада іске қосылады деп қате түсініп қалуы ықтимал.

«Яғни, әлі зерттеліп, пысықталып жатқан бастамалар қазірдің өзінде қабылданған шешім ретінде жеткізілген. Осыған байланысты қазір уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламаларының 2 нұсқасын қарастырып жатқанын айтқым келеді. Бірінші нұсқада жеңілдікті несиелеуге 4 жылға (бірінші жылға – 30 млрд) бөлінген 150 млрд теңге (БАҚ-та айтылғандай 250 млрд емес) бағыттау қарастырылуда. Несие беру шарттарын 2015 жылдан іске қосылған ескі бағдарламалармен бірдей етіп қалдыру ұсынылады», – деп жазды Жанжігіт Омархан.

Оның мәліметі бойынш, екінші ұсынылып отырған нұсқа халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы жарнасыз несие беруді қарастырады.

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі атап өткендей, оған «ӨКМ операторы» компаниясында жиналған қаражаттан шамамен 100 млрд теңге бөлу ұсынылады.

«Сондай-ақ, бір адамға берілетін несие шегін 7 млн теңге қылу бастамасы талқыланып жатыр. Бұл ұсыныс қабылдана ма, жоқ па, ол жағы экономикалық тиімділігі мен мақсатына байланысты айқындалады. Қалай болғанда да, екі нұсқа да қазіргі уақытта межесіне жеткен жоқ. Олар ҚР ИИДМ ұсынған түрде қабылданбауы да мүмкін. Сондықтан нақты шешімдер туралы айтуға әлі ерте. Жалпы алғанда, 2022 жылы барлық құжаттық және заңдық процестері аяқталғанда жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы іске қосылады», – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы.
11 ақпан 2022 ж. 290 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930