» » Қармақшы ауданының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді

Қармақшы ауданының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді

Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қуандария ауылының шетінде 36 жастағы тұрғынның басқаруындағы «УАЗ» автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында автокөлік ішінен ІІО-да тіркеуде жоқ, 1-ұнғылы, 16-калибрлі нөмірсіз аңшы мылтығы анықталды.

«Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады»,-делінген полиция департаментінің хабарламасында.
12 ақпан 2022 ж. 179 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930