» » Қоғамдық қабылдау. Тұрғындардың ұсынысы тыңдалды

Қоғамдық қабылдау. Тұрғындардың ұсынысы тыңдалды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балаим Туғанбайқызы жеке қабылдау өткізді. Қабылдау келген тұрғындар мәселелерін жеткізе отырып өз ұсыныстарын жеткізді.

Қабылдауда болған ауыл тұрғыны жер үлесі мәселесін көтерді. Яғни, 1996-1997 жылдары жер реформасы болып, Бұқарбай батыр елді мекеніндегі тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған 18 жасқа толған тұрғындарына шартты жер үлестері бөлініп берілген. 18 жасқа толмаған балаларының үлестері пайыздық есеппен ата-аналарына қосылып берілген. Бөлінуден ауысып қалған жер көлемдері сауда-саттықтар арқылы жеке кәсіпкерлерге табысталған.

Қазіргі уақытта сол реформа болған уақыттарда әр түрлі себептермен ауылдың тіркеуінде болмаған азаматтарда жер үлестері жоқ.

Осыған байланысты ауылдық округтегі бос тұрған жерлерді жерлері жоқ тұрғындарына жер үлесі ретінде бөлінсе деген ұсынысын жеткізді.

Кәсіпкерлікті дамыту мен қаржыландыруға байланысты ұсыныстар болды. Өтініш иесі «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік грант қаражатын алып, ауылдан шағын кондитер өнімдерін өндіру цехын ашқанын айтты. Сол кәсіпті әрі қарай дамытуды қолға алғысы келген өтініш иесі кейбір екінші деңгейлі банктер және қаржы ұйымдарының кепілдік саясатына сәйкес кепіл мүлікті қабылдамайды немесе бағаланған құнының 50 пайызын ғана береді. Бұл қаржы кәсіпке қажетті құрал-жабдықдарды алуға жетпейді. Осы ретте кепілдік саясатына өзгеріс енгізіп, аулдық жерлердегі мүліктердің бағаланған кұнын 70-80 пайызға дейін қаржыландыруға көтеру мүмкіндігін ұсынды.

Тұрғындар тарапынан қоғамдық жұмысқа қаржы бөлу, жер үлестерін алу сынды мәселелер көтерілді.

Әрбір тұрғынның ұсыныстарын мұқият тыңдаған Мәжіліс депутаты өтініш иелеріне қолданыстағы заңдар аясында түсіндірулер беріп, өтініштері бақылауға алып, тиісті орындарға жеткізетінін айтты.
18 ақпан 2022 ж. 161 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 992

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031