» » Қазақстан республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Жалағаш ауданында

Қазақстан республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Жалағаш ауданында

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кесебаева Балаим Туғанбайқызы Жалағаш ауданында болып, Бұқарбай батыр ауылдық округінде тұрғындармен су мәселесіне байланысты ауыл тұрғындарымен кездесті. Аталған кездесуді Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.Мұстафаева ашып жүргізіп отырды. Мәжіліс депутаты Балаим Туғанбайқызы суармалы жер мәселелері, суды үнемдеу, субсидиялау, жеңілдетілген несие беру жұмыстары, жерді тегістеуге қаржы бөлу, шаруашылыққа қажетті тыңайтқыш өнімдеріне тұрақты қолжетімділік бойынша талқылау жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Дәрібаев, "ҚазСушар" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Табынбаев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы М.Қалниязов, жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Байболов жауап берді.
Кездесуге Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, Жалағаш ауданы әкімі А.Шаменов, Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы Г.Құрманбаева, аудандық мәслихат депутаттары А.Бекжанов, Қ.Досымов және БАҚ өкілдері қатысты.

Әрбір тұрғыннан түскен сауалдарды мұқият тыңдаған Мәжіліс депутаты Балаим Туғанбайқызы аманаттарын тиісті жерлерге жеткізетіндіктерін айтып өтті.

"Мәдениет" ШҚ төрағасы А.Қыпшақбаев «Ауыл» несие серіктестігін қажыландыру (Агробанк) туралы, Австралиялық "Rubicon Water" компаниясының өкілі Тулегенов Ержан су тапшылығын шешу және үнемдеу бойынша маңызды ұсыныстарын жеткізді.
18 ақпан 2022 ж. 473 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 781

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031