» » Жол картаның 2021 жылғы есебі қорытындыланды

Жол картаның 2021 жылғы есебі қорытындыланды

Жалағаш аудандық партия филиалында Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті. Фракция жетекшісі Қаншагүл Шоңмұрынқызы төрағалық еткен отырыстың күн тәртібіне «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша 2021 жылы атқарған қорытынды есебі, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылы атқарған есебі және депутаттық фракциясының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қойылды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханова хабарлама жасап, сайлауалды бағдарламаның іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша 2021 жылы атқарған қорытынды есебін баяндады.

Сайлауалды бағдарламаның Жол картасы 7 бағытты қамтитын 19 индикатор және 87 іс-шарадан тұрады. 2021 жылдың 12 айында 87 іс-шараның 75-і немесе 86,2% толықтай орындалды, 12 іс-шараның 13,8% мерзімі бар.

Аталмыш Жол карта аясында қосымша Қызылорда облыстық білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Т.Садықов және Жалағаш аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Г.Каюпова хабарлама жасады. Депутаттар тарапынан түскен сауалдарға кәсіпкерлік саласы бойынша Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Г.Ербол жауап берді.
Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы Қ.Мұстафаева баяндама жасап, депутаттарға алдағы міндеттеріне біршама ұсыныстар берді.

Отырыс соңында тиісті сала басшыларына сайлауалды бағдарламаның Жол картасы аясында біршама ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта аталмыш бағдарламаның орындалуы депутаттық фракцияның күн тәртібінде болады.

Өткізілген фракция отырысына «Nur Otan» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы Г.Құрманбаева және Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Ұ.Тәжібаева, Ә.Бекжанов, Ж.Тәттібаев, Г.Айтжанова, А.Кенжебаев, Қ.Досымов, Е.Базарбай қатысты
17 ақпан 2022 ж. 154 0