ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ӘМІРЕЕВ ҒАЛЫМ МАХМҰТБАЙҰЛЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Тұрғындармен кездесу алдымен Аламесек ауылдық округі, Есет батыр ауылының тұрғындарымен кездесті. Мәжіліс депутаты өз сөзінде мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Қайғылы қаңтар сабақтары: қоғамның бірлігі – Тәуелсіздіктің кепілі» үндеуі бойынша айтып өтті. Шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау, ауыл шаруашылығын қолдау шаралары, өңірлерді дамытуды қолдау және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша тілге тиек етті.
Мәжіліс депутатымен кездесуде Жаңадария ауылының тұрғыны білім ордасын күрделі жөндеуден өткізу керектігін, сол бойынша ықпал жасау жұмыстарын ұсынды. Яғни, білім ордасы 1988 жылы салынған. Бұған дейін аталмыш ғимаратқа жәй жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бұл сұраққа аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлы тиісті жұмыстар жасалып жатқандығын жеткізді. Аталмыш нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттік өтінім берілген.
Елді мекенді көркейту-көгалдандыруға байланысты шаруашылықтармен жасалған меморандумға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, ауыл тұрғындарының бірқатар сұрақтарына жауап беррді.
Жалағаш кентіндегі авариялық жағдайдағы Сырдария көпірінің жағдайымен танысты. Бұл бойынша Ғалым Махмұтбайұлы тиісті министрліктермен байланысып, назарда болатынын жеткізді.
Білім және денсаулық саласы өкілдерімен кездесіп көптеген ұсыныстар айтылды. Мәжіліс депутаты Ғалым Махмұтбайұлы тиісті шаралар қолданып, айтылған ұсыныстардың орындалуы тұрғысында жұмыс жасайтынын жеткізді.
Тұрғындармен кездесуге Мәжіліс депутатымен бірге аудан әкімі А.Шаменов, «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы Г.Құрманбаева, аудандық мәслихат депутаттары Ұ.Тәжібаева, Ә.Бекжанов, Ж.Тәттібаев, Г.Айтжанова, Е.Базарбай, жауапты сала басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.