САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС НАЗАРЫНДА
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Білім мен ғылымды дамыту» және «Ұлт денсаулығы» мен «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау және жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» жөніндегі бірлескен қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері төрағалық еткен отырыстың күн тәртібіне 4 мәселе қойылды.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші.
Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға күш саламыз.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Жалағаш аудандық білім бөлімінің есебі тыңдалды. Баяндамашы Жалағаш аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі М.Сығайбаевтың айтуынша қазіргі таңда №118 орта мектеп ғимаратының жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстары 06.04.2021 жылы ашық конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде «Golden City DS» ЖШС жеңімпаз аталып, 2021 жылдың 30 сәуірінде шарт жасалған. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 28 тамызында аяқталған. "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында көрсетілген Таң ауылының №118 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу тармақшасы орындалды.
Аламесек ауылдық округіндегі №124 орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталмыш мектептегі жөндеу жұмыстары 2022 жылдың ақпан айында аяқтау көрсетілген. Алайда мердігер компания өкілдері жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлауда. Аталған мектептің сыртын метал сайдингпен қаптау жұмыстары аяқталуда, еденді төсеу, жылу жүйесі, канализация, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жалағаш кенті орталығында орналасқан №31 мектеп-гимназия ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын жасап, сараптамадан өткізуге тиісті қаржы бөлінген. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2022 жылға дайындық жұмыстары басталды.
Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары 2023 жылға жоспарлануда.
Қазіргі таңда қоларбамен жүретін немесе көзі көрмейтін, құлағы естімейтін мүгедек жандар үшін көшелерде кедергісіз жүруге, дәріхана мен дүкендерге және басқа да әлеуметтік нысандарға еркін кіріп шығатын қолайлы жағдай туды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – пандус. Мүгедек жандарға арналған бұл коммуникациялық құралым әлеуметтік нысандардың сыртқы баспалдақтарымен қатар салынады. Бүгінде аудан орталығы мен ауылдардағы әлеуметтік нысандардың бәрінде пандус бар. Дегенменде стандарттық талапқа келмейтіндері де бар. Ағымдығы жылдың ақпан айында аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы ауылдық округтер мен Жалағаш кенті орталығындағы бірнеше мекемелерге мониторинг жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде біршама ғимараттардың пандусты стандарттық талапқа келтірілді. Алайда, айтылған ұсыныстарға салғырт қараған мекемелерге тиісті орындар арқылы ескертпелер берілді. Кеңес мүшелері тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустарды стандарттық талапқа келтіру жұмыстарын күшейтуді, кеңес мүшелерімен бірлесіп мониторинг жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды.
«Nur Otan» партиясы үшін азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау - басты міндеттердің бірі. Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу жұмыстары қарастырылған. Биылғы жылы Таң ауылдық округінде жаңадан ғимарат бой көтермек. Аталмыш дәрігерлік амбулатория 1985 жылы салынған. Бұл ғимаратқа жай жөндеу жұмыстары болғанымен, ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында тиісті қаражат бөлініп, нақты жұмыстар басталып кетті. Мердігер компания өкілдері жыл аяғына дейін халық игілігіне пайдалануға бермекші. Кеңс мүшелері тарапынан Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Е.Мақсұтовқа денсаулық саласы бойынша бірнеше сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Күн тәртібіне қойылған келесі мәселе бойынша ауылшаруашылығы бөлімінің есебі тыңдалды. Яғни, ауылшаруашылығы бөліміне қатысты Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында көрсетілген тармақтар бойынша аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ә.Бақытбаев баян етті.
Аққұм ауылдық округіндегі «Бақдаулет-57» шаруа қожалығы шаруашылықтың жанынан жыл соңына дейін сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр. Сүт фермасы жеке қаражат есебінен салынатын болады. Қазіргі таңда шаруашылық қора жайдың құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Мәдениет ауылдық округінде «Нұрдаулет» ШҚ жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жылыжай 2022 жылы ашу жоспарлануда. Аламесек ауылдық округінде ЖК "Сұңғат" жылыжай кешенін салып, қияр және қызанақ дақылдарын орналастырған. Биылғы жылы 300 кг қызанақ, 300 кг қияр өнімдерін алды.
Қоғамдық кеңес мүшелері хабарламашыларға сайлауалды бағдарламаның Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы басты назарда ұстауды назарларына салды. Тиісті сала мамандарына сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.