ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жалағаш аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілетінділігі айтылды. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында биылғы жылы аудан орталығы мен Қызылорда қаласында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл туралы Жалағаш аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ә.Бақтыбаев айтып өтті. Аудан орталығынан ашылатын әлеуметтік мәселесі бойынша кеңес тарапынан тиісті ұсыныстар ұсынылды.
Күн тәртібіндегі Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі тыңдалды. Аталған бөлімге жол сапасына байланысты қадағалау жұмыстарын күшейтуді назарларына салды.
«Жалағашсушар» өндірістік учаскесінің 2021 жылғы су тапшылығының алдын-алу жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы есебі тыңдалды. Аталған учаскеге кеңес мүшелері өз ұсыныстарын жеткізді. Алдағы жылға тиісті жоспарды жасау, су тапшылығына байланысты ауылшаруашылығы бөлімімен бірлесіп егістік көлемін жобалау, каналдарды тазалау жұмыстарына қадағалауды күшейту.
Кеңес мүшелері әрбір хабарламашыларға ұсыныстар беріп, тиісті ұсыныстардың орындалуын қадағалайтындықтарын жеткізді.