» » «Наркескен» спорт клубы директоры зейнет демалысына шықты

«Наркескен» спорт клубы директоры зейнет демалысына шықты


Бүгін аудан әкімі Асылбек Шаменов «Наркескен» спорт клубы директоры Бахытбек Қаппарұлын қабылдап, 63 жас мерейтойымен құттықтады.

Аудан басшысы мерейтой иесіне ауданның спорт саласына қосқан үлесі үшін ауданның «Құрмет Грамотасын» табыстап, сый-сияпат көрсетті.

Бахытбек Қаппарұлы алғашқы еңбек жолын 1980 жылы Ю.А.Гагарин атындағы №1 мектеп-интернатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.

1985 жылдан бастап Жалағаш аудандық спорт комитетінің өкілі, «Құмкөл-Сервис» мекемесінің қызметкері болып жұмыс жасаған.

2012 жылдан бастап «Наркескен» спорт клубы мекемесінің директоры қызметін атқарып, 2022 жылы зейнеткерлікке шығып отыр.

Еңбек еткен жылдарында Бахытбек Қаппарұлы «Ел ардақтысы», «Дене шынықтыру мен спорт саласына қосқан үлесі үшін», «Спорт ардагері» төс белгілерімен және облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

- Саналы ғұмырын елге қызмет етіп, әрбір іс- әрекетіне жауапкершілікпен қарап, өзінің білімділігімен, іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен көпке үлгі болып жүрген Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ – береке тілеймін- деді, Асылбек Өмірбекұлы.

Шарада аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Кенжеғара Сүлейменов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Оразбек Ахметов және әріптестері құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді.

Өз кезегінде Бахытбек Қаппарұлы көрсетілген құрметке алғысын білдірді.
25 наурыз 2022 ж. 361 0