» » Қазақстан Қарулы күштерінде бақылау-тексеру басталды

Қазақстан Қарулы күштерінде бақылау-тексеру басталды


Қазақстан Қарулы күштерінде бақылау-тексеру басталды. Әскерлерді тексеру қысқы оқу кезеңі аяқталғанша жүргізіледі.

Биыл бұл шара жаңа пішінде өтіп жатыр. Бас штабтың жоспарына сәйкес, құрамалар мен әскери бөлімдер оқу дабылымен көтерілді.

Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын полигондарға теміржол және жауынгерлік техникамен жетеді.

Полигонда түнде де оқу-жаттығулар мен атыстар өтеді. Сондай-ақ бөлімдердің белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеті, әскери қызметшілерді оқыту, сондай-ақ командирлердің бөлімшелерді басқара білу қабілеті сыналады. Қарулы күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, әскери басқару органдары тексеріледі.
05 сәуір 2022 ж. 124 0