» » Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды

Елдің ауылшаруашылығы министрлігі тиісті бұйрықты дайындап, тіркеу үшін Әділет министрлігіне жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бидай экспортына квота енгізілді. Квота екі айға, яғни 15 маусымға дейін енгізілді. Осы аралықта елден 1 миллион тонна бидай және 300 мың тонна бидай ұны және қара бидай ұнын ғана экспорттауға болады. Оның өзінде экспорттаушы компания шет елге сататын өнімінің 10 процентін азық-түлік корпорациясына белгіленген сомада сатуға міндетті. Жауапты ведомстваның мәліметіне қарағанда бұған дейін экспорттық құжаттарды рәсімдеп, кеден декларациясын толтырған тауар экспорттаушылардың өнімі кедергісіз шекара асады. Алайда бұйрық күшіне енген күннен бастап тиелген әрбір дән квота ережелері бойынша экспортталады.

Елде ұн қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда шығарылған ұнды Ресей өнімі ығыстырып тастауы мүмкін. Астық өсірушілер одағының президенті Евгени Ган осындай пікірде. Оның айтуынша, бұған дейін жергілікті диірмендер қажетті шикізатты Ресейден импорттады. Себебі арзан. Салыстыру үшін айтайын, Реселік бидайдың келісі 116-117 теңгеде шамасында. Ал жергілікті бидай 150 теңгеден. Алайда 14 наурызда Ресей Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бидай экспортын шектеп тастады. Енді диірменшілер қымбат болса да жергілікті бидайды сатып алуға мәжбүр. Сәйкесінше, ұнның өзіндік құны өседі. Ал Ресейлік ұн арзан. Көрші ел ұн экспортына шектеу енгізген жоқ. Яғни баға жағынан келгенде отандық өнім бәсекеге қабілетсіз болып отыр. Мамандар мұндай жағдайға статистикалық мәліметтің шындыққа сай болмауы себеп дейді. 1 наурыздағы есеп бойынша елдегі қамбаларда 5,9 миллион тонна бидай бар. Бұл жеткілікті болуы тиіс. Бұлай дейтіні дихандар жылда 1 наурыз бен тамыз аралығында шет елге 2,5 миллион тонна бидай, 800 мың тонна ұн экспорттап келген. Ал ішкі нарықтың сұранысы 900 мың тонна. Биыл да осы көлемде сатсақ, қамбада әлі 1,9 миллион тонна астық қалуы тиіс. Бірақ іс жүзнде олай бола бермейді. Жылда жетпеген астықты Ресейден алып, қамбаны толтыра салатын. Биыл ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан билік экспортқа шектеу енгізіп отыр деп санайды.

«Біздің есебіміз бойынша қазір елдегі диірмендердің барлығы Ресей экспортқа шектеу енгізгенге дейін алған бидай қорымен жұмыс істеп жатыр. Ол таусылған кезде диірмендер де тоқтай бастайды. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын аралап шықтым. Үш өңірдік диірменшілері де осы жағдайды айтып отыр», – дейді астық өсірушілер одағының президенті Евгений Ган.
18 сәуір 2022 ж. 8 387 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930