18 СӘУІР—ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН ТАРИХИ ОРЫНДАР КҮНІ

Тәуелсіздік жылдарынан бастап қоғам мен мемлекеттің тарихи-мәдени мұраға деген көзқарасы өзгеріп, еліміздің өз заңнамасы қалыптасты.
Осы орайда, бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Жанболат Тәттібаев, Қайрат Досымов, «AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы Құрманбаева Гүлзат және «Мәдени мұра» БПҰ төрағасы Дүйсенбиева Бибіәсия тарихи орындарға барып қайтты. Түмен әулие кесенесі, Көктонды асар қалашығы, Беркімбай кәлпе, Мәмбет әулие ұстаханасына барды.