» » МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің сапары жалғасуда. Бүгінге дейін Жалағаш ауданының Аламесек және Жаңадария ауылдарында болып халықтың арыз-шағымына құлақ асқан болатын. Аталмыш қабылдау жұмыстарының мақсаты - халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыру, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін тартымды орын болып табылады.

Партияның жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылып жатқан бұл қабылдау бүгін Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылдық округінде жалғасты.
 
Қабылдауға келген ауыл тұрғындары жер, аяқ су, жарықтандыру, әлеуметтік нысандар құрылысы, туризм және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде берілетін несиелер оның ішінде қайтарымсыз гранттар мен өзге де мәселелер жөнінде айтты. Өз кезегінде мобильді топ өкілдері біршамасына қабылдау кезінде нақты жауаптарын берсе, қалған түйіткілді мәселелердің тізбесін жасап, партия өз бақылауына алды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өтініштердің оңтайлы шешілуі бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.

Мобильді қоғамдық қабылдаудың өкілдері құрамында Г.Есқалиева - Қызылорда облыстық мәслихат депутаты, Ж.Еспенбет–Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары, Н. Әбдікәрімов - партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, Қ.Мұстафаева – «AMANAT» партиясының Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, Н.Серәлі - аудандық маслихат депутаты және басқарма басшылары болды.
20 сәуір 2022 ж. 109 0