» » ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

«AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Қасым - Жомарт Кемелұлы партия жұмысын жаңарту бойынша бірқатар бағдарламаларды бағыттап берді. Партияны жаңғыртудың 7 басым бағыттан тұратын бағдарламасының «Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыруы» аясында партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы жандандырылды. Бұрын партияның аумақтық филиалы жанында 8 кеңес болса қазіргі таңда біріктіріліп 5 кеңеске топтастырылды. Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының жанындағы «Әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Гүлжайна Айтжанова төрағалық еткен отырыстың күн тәртібіне 2 мәселе ұсынылды. Атап айтар болсақ: «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының орындалуы аясында жұмыссыздық деңгейі және кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы гранттар туралы тиісті сала басшыларының есебі тыңдалды. Аталған отырысқа арнайы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты.

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Бөлембаев Қанат аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі туралы баяндады.

2021 жылы 1342 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 2022 жылға 1369 жаңа жұмыс орын ашу жоспарланып, былтырғы жылмен салыстырғанда 27 жаңа жұмыс орнына артқан.

2021 жылдың 3 айында барлығы 741 жаңа жұмыс орны ашылса оның ішінде 181-і тұрақты жұмыс.

2022 жылдың 20 сәуірдегі мәлімет бойынша 550 жаңа жұмыс орындары құрылып, оның ішінде тұрақты жұмыс орны 300-ді құрап отыр.
Cтатистика мәліметіне сәйкес Жалағаш ауданы бойынша, жұмыс күшінің саны-14947 адам, жұмыспен қамтылған халық саны-14192 адам, жалдамалы қызметшілер -9372 адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- 4820 адам, жұмыссыздар саны – 755 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құраса, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрап отыр.

Жалағаш аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы Гүлнұр Мақсұтова мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде берілетін гранттар бойынша баяндама жасады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты аясында 2021 жылы «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқытумен 120 адам жоспарланды. Есепті мерзімге 159 адам (132,5%) онлайн оқытуға жолданып, оның ішінде 153 адам оқытуды аяқтап, 119-і (77,8%) қаржылай қолдау тапты.

2021 жылы Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 155 адамға (583 мың теңгеден) мемлекеттік гранттар беру жоспарланған. Республикалық бюджеттен 90,4 млн. теңге қаржы қаралып, 2021 жылғы 31 желтоқсанға 155 адамның (100%) жобасы 90,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы
№ 728 қаулысымен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» бекітілді. 2022 жылдың ақпан айынан бастап қолданыстағы заңдылықтарымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар төмендегі санатқа кіретін азаматтарға ғана беріледі:
- 29 жасқа дейінгі жастар;
- аз қамтылған отбасы мүшелері – атаулы әлеуметтік көмек алушылар,;
- көп балалы отбасылар – көп балалы жәрдемақы алушылар;
- қоныс аударушылар;
- қандастар;
- мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар;
- мүмкіндігі шектеулі жандар.

Партияның сайлауалды бағдарламасың тармақтарында көрсетілген іс-шаралар бойынша хабарламашыларға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар хаттамаға түсіріліп, тиісті жұмыстардың орындалуы кеңес мүшелері назарында болады.

21 сәуір 2022 ж. 128 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031