» » КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Бұл туралы бейімдеуден өткен нысандардың мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтау мақсатында Жалағаш кенті орталығындағы әлеуметтік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында атқарылатын жұмыстар партияның «Өзгерістер жолы: әрбір азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрініс тапқан. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар аудандық «Әлеуметтік мәселелер» жөніндегі қоғамдық кеңес және партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бақылауында.

Бүгінгі өткізілген мониторинг жұмыстары барысында стандарттық сәйкестілікке байланысты түсіндірме жұмыстары және ұсыныстар айтылды. Аталған зерделеу жұмыстарына аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Асқарова Ханбибі, Жүргенбаев Бақытбек, аудандық партия филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ахан Кенжебаев және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің сала мамандары Бақытбек Нұрмаханов және Әлиев Серік қатысты.

31 наурыз 2022 ж. 224 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30