КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ ҚАНДАЙ?!

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында атқарылатын жұмыстар партияның «Өзгерістер жолы: әрбір азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрініс тапқан. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар «Жұмыспен қамтуды және халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңес және аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бақылауында.