ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.Мұстафаева, аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Б.Жүргенбаев және технадзор Б.Наурызбаевтар Аламесек ауылдық округінде болып қайтты. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында қамтылған №124 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жұмыстары жүргізілді. 40 – қа жуық жұмысшысы бар мердігер компанияның жұмысы қарқынды жүргізілуде. Мектептің сырты сайдингпен қапталған, ішкі еден төсеу жұмыстары жүргізілген, ғимараттың ішіне жылу батериялары орнатылған.
Мердігер мекеме "Строй Центр Түркістан" ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын 1 тамызда бастап, жыл аяғына дейін пайдалануға беруді жоспарлануда. Қазіргі таңда жұмыстың толық 70 пайызы орындалған.
Зерделеу жұмыстары барысында құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне ұсыныстар беріп, жұмысты уақытында аяқтауды және сапасына мән беруді айтып өтті.
Партияның Жол картасында қамтылған бұл нысан алдағы уақытта партияның назарында болып, болып, мониторинг жұмыстары жалғасатын болады.