» » Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

"Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында көзделген Таң ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Алғаш рет Таң ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысы 1985 жылы салынған. Осы уақытқа дейін ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Аталған елді мекен дәрігерлік амбулаториясында 1 дәрігер, 1 фельдшер, 5 мейірбике және 9 басқа да персоналдар жұмыс жасайды.

Таң елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде «Имам» ЖШС ұтып алып құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта фундамент құйылып болып, өру жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстың 40 пайызға жуығы аяқталды. Дәрігерлік амбулаторияның жалпы көлемі 30*12 метрді құрайды. Аталған жұмыстарды жыл аяғына дейін халық игілігіне пайдалануға беруге жұмыстар жасаудамыз – деді мердігер компания өкілі Нұрлан Балдақов.

Аталған мониторинг жұмыстарына Қызылорда облыстық маслихат депутаты Н.Е.Амитов, аудандық партия филиалының «Білім мен ғылымды дамыту» және «Ұлт денсаулығы» мәселелері жөніндегі аумақтық қоғамдық төрағасы, аудандық маслихат депутаты Ұ.Б.Тәжібаева, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық маслихат депутаты А.А.Кенжебаев, аумақтық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Б.С.Жүргенбаев, облыстық партия филиалының консультанты А.Жаппасбаев және ауыл әкімі Қ.Сейдахметов қатысты.

Мониторинг жұмыстары барысында сапалы және уақытылы аяқталуы тұрғысында ұсыныстар берілді.
26 қазан 2021 ж. 113 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930