» » Қызылордада ірі көлемде контрабанда факті анықталды

Қызылордада ірі көлемде контрабанда факті анықталды

Қызылорда облысының кеденшілері ірі көлемде контрабанда мен интеллектуалды меншік құқын бұзу фактін анықтады.

Қызылорда облысы бойынша МКД кедендік жете тексеру барысында Өзбекстан Республикасынан дайын тоқыма өнімдерін импорттаумен айналысатын жеке кәсіпкердің 8 автокөліккетиелген тауарларын декларацияда мәлімделмегені анықталды.

Анықталған декларацияда мәлімделмеген тауарлардың салмағы 63 тонна, ал тауарлардың кедендік құны 145 млн. теңге құрайды. Алдын ала мәлімет бойынша мәлімделмеген тауарларға 82 млн. теңге кедендік төлемдер мен салық есептелді.

Осы жағдайларға байланысты:

– 1факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 234-бабының 1-бөлігіне сәйкес, «Экономикалық контрабанда» дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

– 7 факті бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшлік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 551-бабының 1-бөлігімен 7 әкімшілік іс қозғалып, барлығы 1 072 050 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, анықталған тауарлардан зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген «РUMA» белгісі бар тауарлар анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшлік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 558-бабымен әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жолданды.

22 сәуір 2022 ж. 57 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930