Қоғамдық кеңес отырыс өткізілді
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы «Өңірді дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізлді. Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Жанболат Тәттібаев төрағалық еткен отырыстың күн тәртібіне 2 мәселе ұсынылды. Яғни, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының орындалуы бойынша ауданның елдімекендерін көгалдандыру мақсатында аяқсу мәселелерін толығымен шешу жұмыстары туралы және аталған кеңестің жылдық жұмыс жоспарына өзгертулер толықтыру енгізу туралы.
Ауданда Жалағаш кенті және 14 ауылдық округтері бар. Ауданның елді мекендерін тұрақты түрде аяқ сумен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі болып табылады.
2021-2025 жылдарға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы әзірленгенде, бірінші кезекте, М.Шаменов, Жаңаталап және Аққыр елді мекендерін аяқ сумен камту жағдайын жақсарту мақсаты қойылды.
Үстіміздегі жылы Аққыр елді мекенін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет қаржысы есебінен дизель отынымен жұмыс жасайтын 1 дана СНП-500 және электр қуатымен жұмыс жасайтын 1 дана СНПЭ-500 насостарымен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, Жаңаталап елді мекенінде жасыл желектер мен басқа да дақылдарды суаруға арналған 3 дана дренаждық ұнғыма, Қаракеткен елді мекенінде 2 дана дренаждық ұнғыма қаздыру үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде. Осы елді елді мекендерде дренажды ұнғымаларды қаздыру жұмыстары жүргізілсе, аяқ сумен қамтуда оң септігін тигізеді деп күтілуде.
Жалағаш кентін аяқ сумен қамту мәселесін жақсарту мақсатында биылғы жылы дизель отынымен жұмыс жасайтын 1 дана СНП-500, электр қуатымен жұмыс жасайтын 2 дана СНПЭ-500 насостары алынды. СНПЭ-500 насосының 1 данасы Елтай каналына орнатылса, қалған 2 насосты Жалағаш кентінің онтүстік бөлігін (Дәуімбай учаскесін) аяқ сумен қамтуға пайдалану жоспарланып отыр - Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Болатбек Сығайбаев.

Жалағаш кенті Дәуімбай елді мекенінің кей көшелерінде аяқ судың арығы болғанымен су бармайды. Ал кей жерлері керісінше су арнасынан шығып сыртқа ағып жатыр. Бұл жерде арықтарды тазарту және су құбырларын (труба) ауыстыру керек деді – кеңес мүшесі Еркін Абинеев.
Бау-бақша науқаны басталды. Тұрғындар есігінің алдына кішігірім бақшасын күтіп ұстауда. Бұл үшін аяқ су маңызды. Тұрғын таранынан аяқ суды аптасына 2 рет жүргізуді сұрап, ұсыныс айтуда. Осы тұрғыда, тұрғындардың ұсынысы бойынша жұмыс жүргізілсе деді – аудандық мәслихат депутаты Ахан Кенжебаев.
Аяқ суға байланысты қордаланған мәселелер бар. Бұлардың барлығын бір мезетте шешу мүмкін емес. Сол үшінде кезең-кезеңімен іске асыру жоспарда – деді сала маманы Болат Сығайбаев.
Аталған кеңес мүшелері ауылдық елді-мекендегі аяқ су мәселелерін де алға тартып, бірқатар ұсыныстарды жеткізді. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта кеңестің күн тәртібінде болып, бақылауда болатын болады.