» » Өңірді дамыту шаралары пысықталды

Өңірді дамыту шаралары пысықталды

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Аталған отырыста партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» Сайлауалды бағдарламасы Жол картасының 1,4 тармағы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының орындалуы мен жоспары және Президент Жолдауында айтылған Егіс науқанына дайындық жұмыстары жайлы мәселелері қаралды.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызы, аймақтық кеңес мүшелері, облыстық индустриялық-инновациялық даму және ауыл шаруашылық басқармалары және Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партияның аумақтық филиалы жанындағы «Өңірді дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Жанболат Тәттібаев ZOOM платформасы қатысты.

Мәжілісті партияның облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Махашов Бақдәулет Еркінбекұлы ашып, жүргізді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының орындалуы мен ағымдағы кезеңге жоспары бойынша индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысының орынбасары Берденова Жанар Серікқызы хабарлама жасап, бүгінгі күнге бағдарлама аясында Қызылорда облысында жалпы құны 10,7 млрд.теңге құрайтын 124 жоба қаржыландырылған болса, оның 90-ы яғни 73% агроөнеркәсіптік кешен саласында, ал қалған 34 жоба басқа түрлі салаларда жүзеге асырылғанын баяндады.

Мұнан соң егіске дайындық барысының қандай деңгейде жүріп жатқандығы жайлы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әжібеков Жүсіпбек Өмірзақұлы сөз алып, 2022 жылы көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық барысын хабарлады.

Жиында кеңес мүшелерімен ұсынылған мәліметтер бойынша ақпараттар кеңінен талқыланып, аталған салалардағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Отырыста айтылған барлық пікірлерді, ескертулер мен ұсыныстарды хаттамаға енгізу және жауапты тұлғалар мен мекемелердің назарына жеткізу жөнінде тапсырмалар берілді.
22 сәуір 2022 ж. 113 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930