» » «Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!»

«Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!»

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Қазақстан 2030» бастауыш партия ұйымында «Ырыс қайда барасың?

Ынтымаққа барамын!» атты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай кездесу өткізілді. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Кездесуде «Қазақстан 2030» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жақанова Ботагөз ашып, іс-шараның мақсат- мазмұны мен маңыздылығына тоқталып, жүргізіп отырды.

Келелі кездесуде «AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Құрманбаева ерекше мерекемен аудан орталығында тұратын өзге ұлт өкілдерін құттықтады.

«Бірлік болмай тірлік болмас». Рас! Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек – деді Гүлзат Құрманбаева.
29 сәуір 2022 ж. 398 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930